Маңғыстауда Өзбекстанның алты азаматы жол апатынан қайтыс болды
16 қазан күні таңертең Бейнеу – Тәжен тас жолында апат болды, деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Jac жолдың шетінде тұрған «МАН» жүк көлігіне кіріп кеткен.
«Көлікте барлығы он адам болды. Алтауы қаза тауып, төртеуі Бейнеу аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады», – деп хабарлады ведомстводан.
Полиция екі көлік те Өзбекстанда тіркелгенін атап өтті. Жәбірленушілер мен қаза тапқандар-сол елдің азаматтары, олар Ресейден оралды. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиға туралы ақпаратты Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығына тапсырды.
ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.