Маңғыстауда мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 пайыз болмақ
Оның ішінде 2582 орындық 29 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым және Ақтау қаласынан МЖӘ тетігі арқылы 280 орындық №52 балабақша ашылады деп күтілуде.
-Жыл соңында 3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу үлесін 100 %-ға жеткізу жоспарлануда, деді А.Сейдалиев.
Облыс бойынша барлығы – 18759 мұғалім бар. 2018жыл бойынша 29 жасқа дейінгі жастар – 5867 (үлесі -31%). Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының жобасы шеңберінде 2015–2018 жылдары ауылдық елді мекендерге 3268 маман келіп (2015ж. – 785, 2016ж. – 668, 2017ж. – 840, 2018ж. -975), соның ішінде 998 адам бір жолғы жәрдемақы, 321 адам тұрғын үй кредиттерін алғандығын хабарлайды.
Бүгінгі таңда шамамен 1800 мұғалімнің кемінде міндетті 3 жылын өтегендіктеріне қарамастан, ауылдық жердегі білім беру ұйымдарында жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының жобасы жас мамандардың ауылдық елді мекендерде жұмысқа орналасуына оң септігін тигізетіндігін айтты.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Маңғыстау облысы
Дереккөз: http://egemen.kz/