Маңғыстауда кен орнында газды-сулы қоспа атқылады
Тексеріс барысында апаттың себептері мен қоршаған ортаға келтірілген шығының көлемі есептелетін болады.
Қаламқас кен орнындағы ұңғымалардың бірінде газды-сулы қоспа атылды. Маңғыстау экологтары аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы Маңғыстау обылсы бойынша Экология департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы Руслан Төлеген хабарлап отыр.
Руслан Төлегеновтің ақпаратына сүйенсек, оқиға 13 наурыз күні кешке Қаламқас кен орнындағы ұңғымалардың бірінде орын алған. Кен орнындағы өңдеу жұмыстарымен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ айналасып жатыр. Ал ұңғыманы бұрғылаумен «Сибу мұнай компаниясы» ЖШС мердігер компаниясы айналасады.
— Нақтыланбаған алдын ала мәлімет бойынша, бұрғылау кезінде су атқылауы орын алған. Тексеріс барысында апаттың себептері мен қоршаған ортаға келтірілген шығының көлемі есептелетін болады. Нәтижелер кейінірек хабарланады, — деді Руслан Төкенов.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz