Маңғыстауда ер адам әкімдіктің алдында өзін өртеп жіберді

0

5 желтоқсан күні Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының жанында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді.

Азамат Қарақиян ауданы әкімнің қабылдауына кірмек болған. Алайда әкім оны қабылдамаған. Әкім орынбасары басқа күні келуді айтып, шығарып салмақ болғанда, ол өзіне қол жұмсаған.

— Әкімдік қызметкерлері тұрғынға бүгін облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдамайтынын түсіндіріп, белгіленген күні қабылдауға келуін сұрады, — деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Фото: ашықдереккөз