Маңғыстауда ашихара-каратэдан VI Әлем чемпионаты басталды

0
98

Ақтауда қарашаның 8-10 күндері ашихара-каратэдан VI Әлем чемпионаты өтеді.

Бүгін «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде әлемдік доданың ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов, Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Нұрбек Жұмабекұлы, ашихара-каратэден VI Әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің менеджері Игорь Отаров, «Ашихара-каратэ қоғамдастығы–жаңа халықаралық каратэ» ұйымының басшысы Кантё Хиденори Ашихара және спортшылар мен жаттқтырушылар қатысты.

Бұған дейін Еуропада өткізіліп жүрген жарыс тұңғыш рет Азияда жалауын көтеріп отыр.

Үш күнге созылатын халықаралық жарыс үш бөлімнен тұрады. Катадан өтетін жарыс (жеке және командалық); Ашихара фулл жарысы (жаңа стиль); Ашихара Кумитэден өтетін жарыс;

Жарысқа мемлекеттің спортшылары келеді.

Ақтауда өтетін чемпионатқа 20-ға жуық елден 370 адам келді. Оның 243-і спортшылар. Қалғаны жаттықтырушылар, команда жетекшілері мен қолдаушылар.

Қатысушылар мына аталымдар бойынша жарысады: 4 жасқа дейінгі балалар; 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер; 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар; 18 жастан 35 жасқа дейінгі, егде жастағы адамдар; 35 жастан асқан және ардагерлер

«Қамшы» сілтейді