Маңғыстауда 251 жер қойнауын пайдаланушы мекеме тіркелген

0

Оның айтуынша, биылғы 1 қарашаға жергілікті бюджетке 118,7 миллиард теңге немесе есеп беру кезеңіндегі жоспарға 96,7% кіріс түскен. Түспей қалған кіріс 4,1 миллиард теңге. Бұл толығымен салықтық емес түсімге жатады.

Маңғыстау облысы бойынша жер қойнауын пайдалану және геология инспекциясының басшысы А.Келбет пен жер қатынастары басқармасының басшысы Е.Дүзмағамбетов геология саласы мен жер қойнауын пайдаланудың дамуы туралы баяндама жасады. Маңғыстау облысының аумағында барлығы 251 жер қойнауын пайдаланушы барлау мен өндіруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі бекіткен 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 27 ішінара тексеру жоспарланғаны туралы мәлімдеді. Барлығы КСШ (көмірсутек шикізаты) бойынша 7 тексеру, КТПҚ (Кең таралған пайдалы қазбалар) бойынша 12 тексеру, ЖС (Жерасты сулары) бойынша 2 тексеру жүргізілген. «Батысқазжерқойнауы» ӨД Маңғыстау өңірлік инспекциясы бойынша 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 844 150 теңге айыппұл салынды.

Өңірде металл емес пайдалы қазбалар – көмір, фосфориттер, бор, құрылыс тастары, кірпіш саздақтар, керамзит және бентонит саздары және басқалары бар екенін жеткізген баяндамашы ашылған кен орындарының 90%-дан астамын жер қойнауын пайдаланушылар өндіріп жатқанын жеткізді.

Маңғыстау облысында жер қойнауын пайдалануға арналған 314 келісім-шарт жұмыс істейді.

 Жер қатынастары басқармасының басшысы Е.Дүзмағамбетовтың айтуынша, бүгінгі күні мониторинг қорытындысы негізінде облыста тіркелген 241 жер қойнауын пайдаланушының 165 учаскесінде келісім-шарттан тыс пайдаланылған аймақтар көрсетілген. Қазіргі кезде, кәсіпорындардың балансындағы пайдалы қазбалар қоры: Кеспе құрылыс тас (әктас- ұлутас)147 миллион текше метр, құрылыс қиыршық тас 215 миллион текше метр, құм-қиыршық тас қоспасы 88 миллион текше метр, бордың қоры 125 миллион текше метрді құрайды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз