Маңғыстауда 1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысында Елбасы Жолдауын жүзеге асыру барысы мен ағымдағы жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары турасында баяндаған өңір әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
«Құрылыс жұмыстарының өсуі еңгейіне келсек, бұл кезінде күрделі мәселелердің бірі болатын. Бүгінде 103,1% деңгейіне шығып отырмыз.Тұрғын үй ұрылысы бойынша Маңғыстау облысы республика деңгейінде ең алдыңғы өңірлердің бірі болып отыр. 139,7% өсіммен біз бұл бағыттағы жұмыстарды артығымен орындап отырмыз», — деді Маңғыстау облысының әкімі.
Ол жоспарланған 918 мың шаршы метр баспана құрылысы 940 мың шаршы метрге жеткізілгенін айтты.
«Жыл әлі аяқталған жоқ. 2018 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 1 млн шаршы метрге жеткізуді міндет етіп отырмыз. Елбасының тапсырмасына сәйкес, «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 22 құрылыс компаниясы 2 300 пәтерлі 15 тұрғын үйді салып жатыр. Бүгінде 235 несие қарастырылып, оны 400-500 несиеге жеткізетін боламыз», — деді Тоғжанов.
Ералы Тоғжанов өңірдің транзиттік-логистикалық көліктік мүмкіндігіне де тоқталып өтті.
«Бұл бағытта Маңғыстау облысында 15 шақты ірі жоба бар. Басқаларын атап айтпағанда, Құрық портының өзі өңірдің көліктік-логистикалық хаб ретінде қалыптасының бастамасы болып отыр. Паром іске қосылғаннан бері 3 млн тонна жүк жөнелтілді. Бірінші жылы 533 мың тонна, екінші жылы 1,5 млн тонна жүк жөнілтілген болатын. Жүк тасымалының өсу деңгейі жыл сайын 30 процентті құрайды. Оны ары қарай өсіру мүмкіндігі бар. Себебі, 2020 жылға дейін Құрық портында контейнерлік тасымалдау 60 есеге арттыра аламыз. Екіншіден, келесі жылы Өзбекстан мемлекетінің шекарасымен үлкен шекаралық жол іске қосылады. Соның нәтижесінде, тауар өткізу мүмкіндігі де артады», — деді Маңғыстау өңірінің басшысы.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ