Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі
Патрульдік полиция қызметкерлері 80 мың теңгенің орнына 120 мың теңге алатын болады және облыс әкімінің қолдауымен келесі жылдан бастап, барлық сержанттар офицерлік лауазымға ауыстырылып, жалақылары 80-нен 150 мың теңгеге дейін өсетін болады, деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің басшысы.
Бұрын жедел тергеу бөліністерінің қызметіне төленіп келген тұрғын үй үстемақысы келесі жылдан бастап барлық қызметкерлерге төленіп, оптимизация жұмыстары аяқталғаннан кейін, 2019 жылдың қаңтарынан бастап, барлық полиция қызметкерлері қайта аттестаттаудан өткізіліп, қызметті тек ең мықты полицейлер жалғастыратын болады.
Сондай-ақ, полиция қызметін жақсарту мақсатында Елбасының тапсырмасына сәйкес, қоғамға жаңа үлгідегі полиция киімдері ұсынылды. Жаңа үлгідегі киімдерді дайындау барысында еліміздің климаттық жағдайлары ескерілген.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы
Дереккөз: http://egemen.kz/