Маңғыстау облысында жантүршігерлік оқиға болды

0

Маңғыстау облысында ер адам балаларымен бірге өзіне қол жұмсаған, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 11 желтоқсанда сағат 19.45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздігінен асылып қалған белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама келіп түскен.

«Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Өздіктерімен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды.

Тексеру барысында Б. есімді азаматпен жіберілген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді әйелге өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан», — делінген полиция хабарламасында.

Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде болғаны және олардың ажырасқалы жатқаны белгілі болды. Ерлі-зайыптының екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының ПБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтіні хабарланды.