Маңғыстау облысында жаңа туған нәрестенің денесі табылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Атамекен кентінде жаңа туған баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Тумба.kz» порталының мәліметінше, 3 мамыр күні кешке аймақтық полиция департаментінің кезекші бөліміне сәбидің өлі денесі табылғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, ақпаратты растады.

«Қазіргі уақытта баланың анасының жеке басын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деді полицияда.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

stan.kz