Маңғыстау облысында ер адам мен үш бала дарға асылған күйде табылды

0

11 желтоқсан күні сағат 19:45-те полиция бөліміне Мұнайлы ауданында 4 мәйіт табылғанын хабарлады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. 

«38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар өзін-өзі дарға асқан деп тапты. Тексеру барысында  аудиожазба табылды.  Онда ер адам өлетінін және балаларын бірге алып кететінін айтады»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, қайғылы оқиға отбасылық жанжал негізінде болған, аталған адамдар ажыраспақ болған.  Бұл факт «кісі өлтіру» бабы бойынша Мұнайлы ауданының ЕҚДБ ОП-да тіркелген.

Фото: autonews.ru