Маңғыстау облысында ер адам әйелін бауыздап, полицейлерге пышақ лақтырған (видео)
Маңғыстау облысында ер адам елдің көзінше әйелді пышақтап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адамның бұл әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ашуға булыққан ол адамдарға айқайлап, басқаларды қорқытуға тырысады. Ер адамның жанында қансыраған әйел ес-түссіз жатыр.
Кадрлардан, ер адамның жерде жатқан әйелдің басынан тепкенін байқауға болады. Куәгерлер шабуылдаушыны тоқтатуды сұрайды. Бірақ тәртіп сақшылары оны ұстауға асықпады.
Олар азық-түлік арбаларымен өздерін қылмыскерден қорғап жүрген. Олар жәбірленушіге жедел жәрдем келгеннен кейін ғана көмектескен. Оқиға Маңғышлақ ауданында, «Рахат» супермаркетінің маңында болған. Қақтығысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Маңғыстау облысының полиция департаменті шабуыл жасаған адамның ұсталғанын хабарлады.
«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Әйелі мен балаларын үйінен күшпен қуып шыққан Шымкенттің экс-әкімінің ағасы қамауға алынғаны туралы жазған едік.