Маңғыстау облысында департамент басшысының орынбасары сотталды

0

Ол лауазымды өкiлеттiктерін теріс пайдалану фактісі бойынша кінәлі деп танылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысындағы департаменті бұған дейін облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Ақтау қалалық соты оны лауазымды өкiлеттiктерін теріс пайдалану фактісі бойынша кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеді. Оған мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда және холдингтерде лауазымды қызметтер  атқаруға өмір бойына тыйым салынды.



sputniknews.kz