Маңғыстау облысында бір адамнан коронавирус табылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 126 адамға жеткенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысында бір адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

«27 наурыз сағат 18:35-тегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Маңғыстау облысында тiркелді», — делінген хабарламада. 

Сонымен, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 126 адамға жетті: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында — 4, Жамбыл облысында — 3 адам, Атырау облысы — 3 адам, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Ақмола облысында — 1 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам.



sputniknews.kz