Маңғыстау облысына коронавирус қайдан келді

0

Бортта барлығы 74 адам болған. Олардың бәрі келген бойда обсервациялық госпитальге жатқызылды. Қазіргі таңда науқас инфекциялық ауруханаға ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырған адам туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Басқарма басшысы Әнуар Сағымбаевтың айтуынша, Орал қаласының тұрғыны Түркиядан ұшып келген. Сол жақта екі апта жеке шаруасымен жүрді.

«1974 жылғы ер адам бүгін таңғы 5:30 ұшақпен Стамбулдан Ақтауға ұшақпен келген. Бортта барлығы 74 адам болған. Олардың бәрі келген бойда обсервациялық госпитальге жатқызылды. Қазіргі таңда науқас инфекциялық ауруханаға ауыстырылды. Жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ», – деді Сағымбаев онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде карантинде барлығы 86 адам жатыр. Ал үй карантинінде 139 адам отыр.

Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 135 адамға жетіп отыр.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 69 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам тіркелді.

Айта кетсек, қазір республика бойынша төрт пациент қауіпті вирустан емделіп шықты. Олардың арасында 12 жастағы қыз бар.

26 наурыз күні таңертең бір адам коронавирустан көз жұмды. Ол астана іргесіндегі Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны. 

16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз тәулікке созылады. Ал астана мен Алматы карантинге жабылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз