Маңғыстау облысы Жаңаөзен оқиғасының 10 жылдығын еске алмайды
«Ресми еске алу шарасы болмайды. Біз сондай шешім қабылдадық», – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Бұл туралы ОртКом қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистерге берген жауабында мәлімдеді.
«Отбасылық ас беру шаралары өтеді. Ал ресми еске алу әкімдік тарапынан қарастырылмаған. Өйткені Жаңаөзендегі жағдайға заңнамалық шешімдер қабылданып, сот үкімі шыққан. Шыққан үкімге ешқандай күмән келтірмеймін», – деді әкім.
Еске сала кетейік, Жаңаөзен оқиғасына биыл 10 жыл болады. 2011 жылы 16 желтоқсанда жұмысшылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс болған.
Нұрлан Ноғаевтың мәліметінше, оқиғадан 76 адам зардап шегіп, 16 адам қайтыс болған.