Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ұсталды. Ноғаевтан не хабар?

0

«Кейбір дереккөздерге» сүйенген Еділов осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша, Қаржы мониторингі жөннідегі агенттік қызметкерлері Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты ұстаған.

Дереккөздің хабарлауынша, ол Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газ бағасының бірден көтерілуіне апарып соқтырған факт бойынша өз лауазымын асыра пайдаланғаны үшін ұсталған. Мұның соңғы жаппай тәртіпсіздіктер мен наразылыққа ұласқаны белгілі», — деп жазды Еділов желідегі жазбасында.