Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

0

Өркен Серікқалиұлы Бисақаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген, білім жоғары.

1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін (инженер-экономист), 2010 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін (юриспруденция), 2015 жылы Алматы Менеджмент  университетін (іскерлік әкімшілік) мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Батыс Қазақстан облысындағы

«Интергазстрой» ААҚ-да экономист қызметінен бастап, КТК жобасы директорының орынбасары, Тенгизшевроил жоба басқармасының инженер-жобалаушысы, «Интергазстрой» жоба — экономикалық бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2003 – 2004 жылдары  «Казтранском» ААҚ –да Шаруашылық департаментінің күрделі құрылыс бөлімінің бастығы.

2004 – 2007 жылдары «Ньютек Дистрибьюшн» ЖШС корпоротивті жобалар департаментінің менеджері, департамент директоры, бас директорының орынбасары болды.

2007 — 2010 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, кейін бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2010 — 2012 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

2012 — 2016 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2016 — 2017 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы