Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
2018 жылғы 5 желтоқсан 17:50 66
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат — ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкіміне сәйкес, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары болып Өркен Бисақаев және Нұрдаулет Қилыбай тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай 1978 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген, білімі жоғары. 2018 жылы АҚШ Бостон қаласында Stafford House халықаралық мектебінде білім алған. «Тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер», «қаржы және қаржы құқығы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Маңғыстау тасымалдау бөлімшесі станциясының кезекшісі қызметінен бастаған. Кейін Астана станциясында кірме жолдары бойынша жүктерді қабылдап-тапсырушы, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамынының бас маманы, бөлім бастығы, магистральды желілер дирекциясы басқарушысының көмекшісі қызметтерінде болды.
2005 — 2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, төрағаның орынбасары.
2009 — 2010 жылдары «Вокзал-сервис» АҚ президенті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры болды.
2010 — 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2011 — 2012 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі, кейін осы акционерлік қоғамның Маңғыстау жолдары бөлімшесі филиалының директоры.
2012 — 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметінде болды.
2013 — 2017 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы — атқарушы директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы директоры — «Жолаушылар тасымалдау» АҚ президенті.
2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Теміржолсу» АҚ Бас директоры — Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Өркен Серікқалиұлы Бисақаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген, білім жоғары.
1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін (инженер-экономист), 2010 жылы Ш.Е. атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін (юриспруденция), 2015 жылы Алматы Менеджмент университетін (іскерлік әкімшілік) мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Батыс Қазақстан облысындағы «Интергазстрой» ААҚ-да экономист қызметінен бастап, КТК жобасы директорының орынбасары, Теңізшевроил жоба басқармасының инженер-жобалаушысы, «Интергазстрой» жоба — экономикалық бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2003 — 2004 жылдары «Казтранском» ААҚ -да Шаруашылық департаментінің күрделі құрылыс бөлімінің бастығы.
2004 — 2007 жылдары «Ньютек Дистрибьюшн» ЖШС корпоротивті жобалар департаментінің менеджері, департамент директоры, бас директорының орынбасары болды.
2007 — 2010 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, кейін бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2010 — 2012 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2012 — 2016 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
2016 — 2017 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы қызметін атқарған.