«Мәңгілік ел» қақпасына бөлінетін 600 миллион шамамен есептелген — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Мәңгілік ел» қақпасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жер асты жолы сауда орнына айналады. Бүгін елордадағы әкімдікте бас-аяғы қанша қаржы бөлінетіндігі айтылды деп хабарлайды Stan.kz

"Мәңгілік ел" қақпасына бөлінетін 600 миллион шамамен есептелген

«Мәңгілік ел» қақпасының маңындағы жерасты өткелі бизнесмендер үшін сауда алаңы етіп беріледі. Бұл туралы брифингте қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлімдеген еді. Сондай-ақ қақпаның күрделі жөндеу жұмыстарына 600 миллион теңге (бір доллар үшін 380 теңге бағамы бойынша шамамен 800 мың доллар) қажет деп айтты.

Алайда, кейіннен әкім орынбасары 600 миллион — шамамен алынған есеп екенін және қалалық бюджеттен қаражат бөлінбейтінін атап өтті.

«Әңгіме арканың күрделі жөндеу жұмыстары жайлы емес. Арка өзінің алғашқы күнінен бастап жұмыс істеуін жалғастыруда. Бюджеттік қаражатты жөндеу жұмыстарына немесе жерасты өткелін салуға жұмсауды  жоспарлап отырған жоқпыз. Біз бөлінген қаражатты әлеуметтік бағдарламалар үшін пайдалануды ойлап отырмыз. Біз онда имидждік өнімдер, кәдесыйлар саудасын ұйымдастыру үшін жеке инвесторларды тартқымыз келеді. Яғни, әңгіме осы тақырыпта өрбіді», — деп түсіндірді әкім орынбасары.

Нұркеновтың мәлімдемесі бойынша, жер асты өткеліндегі сауда алаңдары «көше саудасының 1000 тесті» жобасына ұқсас болады.

Нақты қанша қаражат кететіні бір ай ішінде жұмыс тобының қорытындылары бойынша белгілі болады. Содан кейін қалалық әкімшілік әлеуетті инвесторлар тартуға жұмыс істейді. 

Әкімдік жөндеу жұмыстарына осы жылы кірісуді жоспарлап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz