Мәңгілік алауға гүл қоюға келген ардагерді кіргізбегені үшін әкімшіліктегілер кешірім сұрады — Қазақстан жаңалықтары

0

9 мамырда ҰОС ардагері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға кіргізбей қойғаны үшін Алматы әкімшілігі кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

алау

Қария 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан мемориалға келген. Бірақ Қазақстандағы барлық саябақтар мен алаңдар карантинге байланысты жабылған. 

Мәңгілі алауға гүл шоқтарын қоюға келген ардагерді полиция қызметкерлері бетін қайтарып, ішке кіргізбеген. Оқиға орнында түсіріліген видео әлеуметтік желілерде таралып, резонанс тудырды. Көпшілік оқырмандар құқық қорғау қызметкерінің қылығына ашуланып, пікір қалдырған.

Кейін әкімдік ардагерге келіп, кешірім сұрады, сондай-ақ оны мемориалға гүл қою үшін шығарып салды. 

«Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз. Бұл біздің кінә емес, коронавирустың таралуымен байланысты», – деді Алматы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

 

 

stan.kz