Мәнерлеп сырғанаудан Астана кубогі өтеді




Астана, BAQ.KZ. 5-6 желтоқсанда Астанадағы «Алау» мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет «Astana Figure Skating Cup – 2018» жарысы өтеді.Бұл туралы Елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.
Жарысқа республиканың барлық өңірлерінің спортышлары қатысады. Қыздар мен бозбалалар арасында жеке сырғанаудан ұйымдастырылатын жарыс бірыңғай республикалық жіктемеге және 2018-19 жылғы маусымға арналған ISU ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Жарыстың жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталатын болады.
Шара мақсаты – дене шынықтыруды, спортты және салауатты өмір салтын насихаттау, мәнерлеп сырғанаушылардың спорттық шеберліктерін ұштау, мықты спортшыларды анықтау, жаттықтырушылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру. Ұйымдастырушылар – қаланың мәдениет және спорт басқармасы, «Алау» мұз сарайы мен спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы» КММ.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ