Манчестер Юнайтед – Астана матчы

0
28

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

«Астана» клубы елордада «Манчестер Юнайтед» клубын 2:1 есебімен жеңген болатын. Ағылшын клубы астаналық футболшылармен кездесуге үшінші құрамын әкелді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында «Астана» ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубын жеңіп, табысын арттырды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Астана» топтағы алғашқы ұпайын алды, бірақ үш балмен соңғы орыннан көтерілген жоқ. Үшінші орында келе жатқан сербиялық «Партизанның» қоржынында төрт ұпай бар.

Топтағы алғашқы жеңісі үшін «Астана» 570 мың еуро алады. Бұған дейін клубтың табысы 280 мың еуро болған. Мұны футбол клубы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу раундына қатысқаны үшін алған болатын. Кейін Еуропа лигасының екінші раунды үшін тағы 260 мың, үшінші раунд үшін 280 мың еуро алды. Еуропа лигасының тобына енуі клуб бюджетін 2,92 миллион еуроға ұлғайтты. Сонымен «Астана» еуромаусымда 4,31 миллион еуро табыс тапты.

Тағы оқыңыз: «Манчестер Юнайтедтің» бапкері «Астанадан» неге жеңілгенін айтып берді – видео

Бұдан бөлек, астаналық футбол клубы маркетингтік сатылымнан үлесін алады. Бұл сома маусым аяқталғанда белгілі болады.



sputniknews.kz