Манчестер Юнайтед — Астана матч – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Уле-Гуннар Сульшер ойын сапасына көңілі толатынын айтты. Матчқа арнайы келген жанкүйерлерге ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik.  «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Сульшер баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына жауап берді.

«Біз ойынды керемет бастадық. Тамаша гол соқтық. Бүгін мұндай кездесуге алғаш шыққан үш ойыншы керемет матч өткізді. Жеңіс үшін бізге уақыт жетпей қалды», — деді Сульшер.

«МЮ» бапкері жарақаттын соң Джесси Лингардтың оралуына риза екенін жеткізді. Ол көшбасшылық рөлді керемет атқарды деген баға берді.

Сондай-ақ, норвегиялық бапкер Дмитрий Шомко мен қорғаушылардың ойыны жоғары деңгейде екенін атап өтті.



sputniknews.kz