Мамин ТМД және ЕАЭО үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы төрағалық Өзбекстанға берілген соң, премьер-министрлер 2020 жылдың 29 мамырында Ташкентте кездеседі

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Жиын Мәскеудегі «Сколково» инновациялық орталығында өтті.


©
Sputnik / Максим Блинов

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Шағын құрамда тараптар бірқатар маңызды мәселені талқылады.

«Қызметтер саудасы, алмасу жөніндегі келісімшарт жобасы солардың қатарында», — деді Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Кеңейтілген құрамдағы форматта тараптар құжаттарға қол қойды. Бұған дейін стандартизация, монополияға қарсы реттеу және радионавигацияны дамыту мәселесі басты назарда болатыны хабарланған еді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Ресей Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты

Премьер-министрлер қол қойған құжаттарға сәйкес, ТМД-ның жеке Олимпиадасы болады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің алғашқы ойындары келер жылы Ресейде өтпек. 

ТМД Олимпиадасының басты мақсаты — ұлттық спорт түрлерін сақтау және халықаралық деңгейде насихаттау. Сайыс екі жылда бір рет өткізілмек. Ойынды өткізетін ел орыс тіліндегі әліпби тәртібімен анықталады.


©
Sputnik / Максим Блинов

Кеңейтілген құрамдағы форматта тараптар бірқатар құжатқа қол қойды

Қатысушылар ұйым аясындағы интеграцияны тереңдетуді ұсынды. ТМД-дағы төрағалық 2020 жылы Өзбекстанға беріледі. 2019 жылы Түрікменстан төрағалық етуде.



sputniknews.kz