Мамин ТМД премьер-министрлерінің отырысына қатысады
Қысқа сілтеме алу
ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесінің отырысы 31 мамырда Ашхабадта болады
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин ТМД үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлады primeminister.kz.
«2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Түркіменстан астанасы Ашхабадта Тәуелсіз мемлекеттер достастығы премьер-министрлері кеңесінің отырысына қатысады», — делінген хабарламада.
ТМД-ға мүше елдер үкіметтерінің басшылары достастықтағы өзара экономикалық іс-қимылдың өзекті проблемаларын талқылайды, ғылым мен инновациялар, кедендік бақылау, зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау және басқа салалардағы ынтымақтастық тетіктерін қарастырады.
Тағы оқыңыз: Әрбір адам жұмысқа орналасатынына сенімді болуы тиіс — Мамин
Отырыста бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.
sputniknews.kz