Мамин мен Мишустин Алматыда кездесті: олар не жөнінде сөйлесті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Асқар Мамин мен Михаил Мишустин Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында кездесті

АЛМАТЫ, 31 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында өнеркәсіп, энергетика, әскери техника, ғарыш, су және табиғатты қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ ЕАЭО мен басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. 

«Біз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен  Владимир Путин негізін қалаған екі ел арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық бағытын іске асыру мақсатында ресейлік әріптестерімізбен одан әрі жұмыс істеуге ниеттіміз. Біздің президент Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастықты өз қызметінің негізгі ұстанымы ретінде нақтылады», — деді Мамин.

Айтуынша, Ресей Қазақстанның басты сауда серіктесі. 2019 жылдың 11 айында екіжақты тауар айналамы 17,2 миллиард долларға жетті. Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 10 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істейді, бұл шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың жалпы санының 37,4%-ін құрайды, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

«Сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары оң динамикасын қолдау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту, біздің іскерлік орталарымыздың арасында тікелей байланыстар орнату, сондай-ақ тауарларды үшінші елдердің нарықтарында ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажет. Бұл маңызды жұмыс Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында да жүргізілудеә, — деп атап өтті Мамин.

Кездесуде соңғы жылдары қазақстандық бизнестің «КАМАЗ» және «Петербург трактор зауыты» тәрізді ресейлік ірі компаниялармен бірлескен жобалары белсенді дамып жатқаны аталып өтті. Алдағы уақытта Қазақстанда бөлшектер шығаратын зауытын ашу жоспарланған.

Сонымен бірге, Қазақстанда автомобильдердің жаңа үлгілерін тестілеу үшін сынақ полигоны бар инжиниринг және зерттеу орталығын құру көзделген. 2019 жылы шілдеде «Петербург трактор зауытымен» бірлесіп «Кировец» тракторларының алғашқы сынақ партиясын құрастыру жүзеге асырылды. 

«Үкімет басшысы ретінде алғашқы сапарымызды Қазақстаннан бастап отырғанымыз маңызды. Бізді бұрыннан келе жатқан достық және әріптестік қарым-қатынастар байланыстырады. Сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық қарқынды түрде дамуда, өңіраралық байланыстар нығайып келеді, — деді өз кезегінде Михаил Мишустин.

Мамин мен Мишустин биыл қараша айында Көкшетау қаласында өтетін «Экологиялық ынтымақтастық» тақырыбындағы XVII аймақаралық ынтымақтастық форумына жүйелі әзірленудің маңыздылығына баса назар аударды. 

Былтыр Омбы қаласында өткен форумда қол қойылған Қазақстан – Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы бойынша бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттілігі аталып өтті.



sputniknews.kz