Мамин коронавирусті емдейтін дәрілерді арзандатуды тапсырды
Комиссия коронавируске қарсы дәрілерден бөлшек саудадағы бағасын арзандату туралы бұйрықты жариялады. Бұл ковидтің таралмауы үшін жасалып отырған шара.
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық мәжілісі өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ВАК бірқатар шешім қабылдады.
«Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24%-ға төмендету бойынша шаралар қабылданды», — делінген Премьер-министр сайтында.
Сондай-ақ ВАК шешімі бойынша, 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады