Мамин хоккейшіге жылына 600 миллион, ал халыққа айына 60 мың бермек па?
Жақында ең аз айлық 60 000 теңгеге көтеріледі деген қуанышты хабар бар. Енді айына есек болып 60 000 теңге алатындардың салығының есебінен Барыс хоккей клубының ойыншысы Канадалық Даррен Дицке жылына 600 миллион теңге төлегеніміз қаншалықты әділетті. Дәурен ой Даррен КХЛ деген құрлықтық лигадағы ең көп айлық алатын ойыншы. Неге біз осындай бәлелерге құмармыз? Неге біз ТМД төңірегіндегі көпбалалы аналарға ең көп пособия беретін ел болмаймыз? Неге шетелдік футболшылар, хоккейшілер, спортшыларды салығымыздың есебінен асыраймыз? Ааа айтпақшы жақында Хоккей федерациясының президенті болып үкімет басшы Асқар Мамин қайта сайланды. Оның негізгі жұмысы халықтың әл ауқатын көтеру ма әлде хоккейшілерге миллион долларлап айлық беретіндерді басқару ма? Мамин хоккейшіге жылына 600 миллион теңге беріп, халыққа айына 60 мың айлық бермекші ма?
Сабит Рысбаев