Мамин агроөнеркәсіпті дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстанның премьер-министрі биыл мол өнім алуға ауа райы қолайлы болады деп болжанып отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдермен бірге әр өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласының ерекшелігін ескеріп, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кешенді жоспарының жаңа тұжырымдамасын әзірлеп енгізуді тапсырамын», — деді премьер-министр үкімет отырысында.

Оқи отырыңыз: Бір түйенің бағасы 1 миллион теңгеден асып кетті – Шөкеев 

Айтуынша, БҰҰ жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы – FAO болжамы бойынша Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен саласында әлеуеті жоғары АҚШ, Австралия, Бразилия және Аргентина елдерінің қатарында және әлемдік азық-түлік хабына айналуға нақты мүмкіндігі бар.

«Бұл орындалатын міндет екенін атап өткім келеді. Мысал ретінде Түркістан облысын алайық. Мұнда таяудағы төрт жылда ауыл шаруашылығы өндірісін үш есеге ұлғайту жоспарланып отыр», — деді үкімет басшысы.

Мамин биыл жақсы өнім алуға ауа райы қолайлы болады деп болжанып отырғанын айтты. Дегенмен өнімнің жақсы шығуына агротехнологиялардың сақталуы, сапалы тұқым пайдалану, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану әсер етеді.

«Өңірлерде тыңайтқыштарды пайдалану көлемі белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс. Бұл бағытта мемлекет айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр. Тығайтқыштар мен пестицидтерді алуға жұмсалатын шығынның 50 процентіне дейін субсидия беріледі», — деді ол.

Мамин әкімдерге егін егу жұмысын сапалы орындап, тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану көлемін ғылыми негізделген нормалар бойынша ұлғайтуды тапсырды.



sputniknews.kz