Мамандығы — дәрігер: Тәуекел Мүслімнің жүрегін жаулаған ару кім

0
2918

Актер әрі әнші Тәуекел Мүслім өзінің шаңырақ көтергенін растады. Ал оның қалыңдығы – 24 жастағы дәрігер ару, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тәуекелдің жүрегін жаулаған Махаббат Түктібаева есімді ару. 24 жастағы бикеш Қарағанды медицина университетін дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұрымдының сән өнеріне қатысы бар болып шықты. Әлеуметтік желідегі парақшасынан той көйлектерін жарнамалап жүргенін көруге болады.

Сондай-ақ, Махаббат Түктібаева 2017 жылы «Қарағанды аруы» байқауында бірінші вице-мисс атанған еді. Тәуекел Мүслім екеуі жарнамалық роликке де түсіп үлгергенді. Яғни танымал жұптың қарым-қатынасын жасырып жүргеніне ұзақ уақыт болса керек.

Естеріңізге сала кетсек, актер әрі әнші Тәуекел Мүслімнің мешітте некесін қидырып, шаңырақ көтергені туралы хабарлаған едік.