Мамандар телефонды қай жерде зарядтауға болмайтынын айтты

0
34

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Зарядталып тұрған телефонға арнайы код жіберуге болады. Кейін сол код арқылы телефонды басқа біреу басқара алады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар — Sputnik. Соңғы кезде қоғамдық жерлерде телефонды зарядтауға арналған орындар көбейіп келеді. Алайда мамандар мұндай USB-ді қолдану қауіпті болуы мүмкін екенін айтып отыр. Олар арқылы телефонның ішіндегі мәліметтерді алып, вирустық бағдарламалар жүктеуге болады, деп хабарлайды РИА Новости.

Group-IB компаниясының компьютерлік криминалистика зертханасы жетекшісінің орынбасары Сергей Никитин стандартты USB кабельде төрт сым болатынын айтты. Екеуі мәлімет алмасу, біреуі тоқ беру («фазасы» әдетте 5 вольт), соңғысы — «нөл».

«Кез келген гаджетті USB арқылы зарядтау үшін «нөл» және 5 вольттік сымдар жеткілікті. Ал мәлімет алмасуға арналған сым қолданылмауы керек. Өйткені оның көмегімен зарядтау құрылғысына шағын компьютер қосуға болады. Яғни сіз телефонды зарядтауға қойғанда, ол өзге құрылғыға қосылып кетуі мүмкін», – деп ескертті маман.

Тағы оқыңыз: Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты

Осылайша алаяқтар зарядталып тұрған телефонды шағын компьютер арқылы басқарып, телефонға арнайы код жібере алады. Сол код арқылы телефонды басқарады.



sputniknews.kz