Мамандар Сардобадан ағып келген балықтарды тұтынуға болмайтынын айтып, дабыл қағуда — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында суда Сардоба су қоймасынан ағып келген балықтарды жұрт жаппай аулап жатыр. Мамандар бұл балықтардың жеуге жарамсыз екенін айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

балық

Балықтардың біршамасы көлшік суларда қалып қойса керек, оңай олжадан тұрғындар құр қалғысы келмей, шама-шарқының жеткенінше аулап алыпты. Артынша балық ұстап белшемізден батып қалдық дегенді естіген көрші аудан тұрғындары да осында ағылған. Арасында қайығын көлігіне тиеп жеткендері де болыпты. Алайда, араға бірнеше күн салып, су басқан алқаптағы балықтарды зерделеген мамандар оларды тұтынуға, тіптен пайдалануға да болмайтындығын айтып дабыл қағуда. Себебі, балықтардың денесінде жара пайда болған. Тиісінше, жүргізілген сараптама нәтижесі де осыны айғақтапты.

«Оның шешімі жаңағы экспертизаның балықты мүлдем жеуге де болмайды, пайдалануға да болмайды. Өйткені су ластанған. Сол халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мақтарал халқына, жалпы Оңтүстіктің халқына Түркістан облысының халқына балықты жеуге болмайды деп», — деді облыстық орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі аумақтық испекциясының бөлім басшысы Шәкен Боранбай.

stan.kz