Мамандар коронавирустан өлім қауіпін жоғарылататын ауруларды атады — Қазақстан жаңалықтары

0

Ғалымдар коронавирустан көз жұму қатерін арттыратын бірқатар факторларды атады. Сөздерінше, адам жасының егде болуымен қатар, түрлі аурулар мен індетті кеш анықтау себебінен коронавирус науқастың өмірін қиюы әбден мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы Италияның жұқпалы және тропикалық аурулар қоғамдастығының ғалымдары мәлім етті.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, бойында қатерлі вирусты кеш анықтаған науқастардың өлім қауіпі 50%-ға көбейеді екен. Бұл кезде адамның өкпесі ісініп, оның қабынуына әкеп соғатын көрінеді. 

Сондай-ақ өлім қатерін қан тамыр және жүрек аурулары 10,5%-ға, қант диабеті 7,3%-ға, демікпе, тыныс алу жүйесінің басқа да аурулары 6,3%-ға өсіретіндігі айтылыпты. 

Ресейлік дәрігер Александр Мясниковтың айтуынша, созылмалы аурулар, жүрек және қан тамырлар патологиясы, қант диабеті және онкологиялық аурулар ағзаның иммундық жүйесінің қызметіне айтырлықтар кері әсер етеді екен. Ал коронавирус иммунитеті әлсіз адамдарға бірінші кезекте жұғатын көрінеді. 

Бұған дейін коронавирусқа шалдыққандардың бойында жиі байқалатын тағы бір ауру белгісі аталған болатын.

stan.kz