Маман мамыр айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Көктемнің соңғы айында әлемдік жанжалдар жиілеп, банктер проблемаға тап болуы мүмкін, сонымен қатар, астрологтың болжамынша, ажырасу көбейеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова мамыр айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Әлемдік жанжалдарға куә боламыз»

Астрологтың айтуынша, мамыр айына Нептун – Венера ғаламшарлары ықпал етеді. Сондықтан бұл кезеңде әлемдік қақтығыстар, дау-жанжалдар жиі орын алуы мүмкін.

«Мамыр айында мұнай соғысы тұтануы ғажап емес. Себебі айдың басынан 25 мамырға дейін «қара алтын» бағасы құбылады, ОПЕК+ келісімдері бұзылуы мүмкін. Қауіп-қатер аймағына Ирак пен Иран, Парсы шығанағы елдері кіреді. Нептун шиеленіс, текетіресті білдіретіндіктен, біз осы әлемдік жанжалдарға куә боламыз», — дейді қазақстандық маман.

Қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар көп болғанымен, ауызбіршілік таныта алмайды.

Сонымен қатар, Әбдірайымованың болжамынша, осы айда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төңірегінде дау шығуы мүмкін.

«Ал Венера ел экономикасы, ұлттық ресурс, қаржы институттары мен ауыл шаруашылығына ықпал етеді. Ешкім де инфляциядан қашып құтыла алмайды. Көмекке мұқтаж жандардың қатары артып, әлеуметтік қажеттіліктер өсіп, соның әсерінен митингтер болуы мүмкін. Әлеуметтік әділдікті талап етумен байланысты толқулар орын алуы ғажап емес», — дейді астролог.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді

Бұдан бөлек, маманның айтуынша, қаржы және банк жүйесі проблемаларға тап болады. Кейбір банктер банкротқа ұшырап, енді бірі қайта құрылады.

Ажырасу көбейеді

Әбдірайымова Нептун мен Венера адамның жеке өміріне де тікелей әсер ететінін жеткізді.

«Өкінішке қарай, осы айда ажырасу көбейеді. Алаяқтар мен қызқұмар еркектерге алданып қалмаңыздар. Осы кезеңде айтылған сөзге, берген уәдеге сенуге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, баянды махаббат, ұзақмерзімді қарым-қатынас үшін қолайсыз кезең», -деп ескертті маман.

Астрологтың сөзіне сенсек, мамыр айында, көбіне, ер адамдар махаббат пен құштарлықтан басы айналып, кейін көңілі қалып, опық жеуі мүмкін.

Маман, әсіресе айдың 10 мен 11 күндері туған Балық, Бикеш, Мерген, Егіздерге сақ болуға кеңес берді.

Көктемнің соңғы айында көп адамды жауапсыз махаббат, айырылысу, өкпе-реніш,  қаржы қателіктері, алдау-арбау күтіп тұр.

Бірақ, астрологтың болжамынша, 22 мамырдан кейін жеке өмір мен қаржы жағдайында оң өзгеріс байқалады.

Тың бастамалар кезеңі

«12 мамырдан бастап айдың соңына дейін Меркурийге, яғни ақылға, логикаға сүйенген абзал. Бұл аралықта адамдар көпшіл, тез тіл табысқыш болады. Ақпаратты жылдам қабылдап, тез сіңіреді. Білім-ғылымға құштарлығымыз оянады. 14 мен 19 мамыр аралығында жаңа идеялар, тың бастамалар бағаланады. Басшылықпен, билік органдарымен келіссөз жүргізуге қолайлы кезең», — деді Әбдірайымова.

Тағы оқыңыз: Тоқаев: мамыр айындағы мерекелерді үйде атап өтуге тура келеді

Ал 22 – 23 мамыр күндері – абырой-беделдің, атақ-дәреженің өсетін уақыты.

Бітпей қалған істі аяқтауға, жаңа ұзақмерзімді жоба бастауға, жеке өмірді, түсініспеушіліктер мен жанжалды реттеуге таптырмас кезең.  

25 – 26 мамыр аралығында адамдар іштей күші молайғанын, қабылдаған шешімінің дұрыстығын сезеді. Бұл кезеңде кейбірі күтпеген олжаға кенелуі мүмкін.



sputniknews.kz