Малика жазасын алсын: Олжас Сүлейменовке күйеу баласы қарсы шықты — новости Казахстана

0

Жазушы Олжас Сүлейменов Астана қаласының сотына хат жазып, немересінің өліміне себепкер болған Малика Мұхитованы кешіруді сұраған. Алайда Ескендірдің ата-анасы бойжеткенді кешіруге дайын емес деп жазады «Время» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ескендір Сүлейменовтың жеке мұрағатынан

Фото: Ескендір Сүлейменовтың жеке мұрағатынан

Басылымның тілшісі Ескендірдің ата-анасына хабарласып, әкесімен тілдескен. Сергей Хан Олжас Сүлейменовтың хатын көріпті. Дегенмен, ер адамның айтуынша, бұл жазушының жеке көзқарасы, ал өзі мен жұбайы мұнымен келіспейді екен.

Ескендірдің ата-анасы Малика Мұхитова тиісті жазасын алуы керек деп есептейді.

Сонымен қатар кейбір құқықтық жайттар да белгілі болды. Қайғылы оқиғада жәбірленуші болып тек Сергей Хан мен Лейла Сүлейменова тіркелген екен. Олжас Сүлейменов жәбірленуші болып тіркелмеген.

Сот танымал жазушының хатын есепке алмайды деп болжануда.

«Аппеляциялық алқа айыптының жазасын жұмсартуы мүмкін, бірақ ол үшін жәбірленуші тараптың пікірі ескеріледі, ал істе тек Ескендірдің ата-анасы жәбірленуші тарап», — деді адвокат Альмира Шайхина.

Заңгердің сөзінше, Олжас Сүлейменовтың хаты үкімді өзгертетіндей негіз бола алмайды.

Материалдарды көшіру және пайдалану «Время» ЖШС басылымының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, 22 шілде күні Астана қаласында Ескендір Сүлейменов жол апатынан қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасына себепкер болған Малика Мұхитова марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған, бірақ олар бойжеткенді кешір бермеген. Кейін марқұмның атасы Олжас Сүлейменов Астана қаласының сотынан Малика Мұхитованы кешіруды сұраған болатын.