«Мал кім бұл жерде?». Ресторанда ат жетектеп, итті сүйрей шыққан қазақтар сынға қалды
Тойда ат ерттеп, ит «жетектегендер» сынға қалды.
Әлеуметтік желіде той төріне ат ерттеп, итті сүйрей кіргендер сынға қалды. Желі жұртшылығы доңайбат әрекет қылған қуаныш иелерін сынап тастады.
«Адамдар не болып бара жатыр», «масқара ғой мынау», «мал кім бұл жерде?», «Қазағым, қашан қоясыздар осы бал-маскарадты?» — деп жазды желіліктер.