МакГрегордың әкесі бокс ережесі бойынша жұдырықтасатын болды » Vesti.kz

0
Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегордың әкесі бокс ережесімен жекпе-жек өткізеді, — деп хабарлайды The Sun.

50 жастағы Тони МакГрегор 24 жастағы ирландиялық радио жүргізуші Йон Шинанның ұсынысын қабылдады. Жекпе-жек 15 желтоқсанға белгіленді, ал түскен қаржының барлығы қайырымдылыққа жұмсалады. 

«Әкем әуесқой деңгейде жұдырықтасқан, бірақ, мен ешқашан олай етпеген едім. Жауынгер гені бір ұрпақтан өтіп кетті», — дейді Тони. 

«Сегіз спарринг өткіздім және дамып келе жатқаным анық. Жаттығулар өте ұнайды. Соққы жасап үйреніп, бокс өнерін бағалай бастадым, өйткені бұл нағыз ғылым екен», — деп жалғастырды Конордың әкесі. 

Радио жүргізуші МакГрегордың әкесін жұдырықтасуға бірінші шақырды, ал Тони өмірде «ұсақ-түйек пен күш сынасуға шақыруды» жек көретінін айтып, бірден келісті.