Майқұдықта әйел 2 айлық сәбиін далаға тастап кеткен

0

Қарағанды облысы Майқұдық ауылында көп қабатты үйдің кіреберісінен екі айлық сәби табылды. Кейін ол «Шапағат» сәбилер үйіне ауыстырылды. Қазір оның биологиялық анасы іздестіріліп жатыр.

«Бала» Шапағат» мамандандырылған балалар үйіне ауыстырылды. Полиция биологиялық анасын іздестіріп жатыр. Бір нәтижесін күтіп отырмыз. Іздеу шаралары аяқталғаннан соң, сотқа жүгінетін боламыз.

Табылмаған жағдайда сот арқылы нәрестенің туу фактісін анықтауға мәжбүр боламыз. Осыдан кейін ғана оған есім бере аламыз», — деді Қарағанды білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық секторының меңгерушісі Әсем Ерішева.

Сондай-ақ, биологиялық анасы табылса да, оған баласы берілмейтінін айтты. Ол сәбиін тек сот арқылы қайтарып алады.