Майқайың кентінде сатылатын жеке меншік 110 үй бар

0

Кенттің ерекшелігі-айналасында  ірі және шағын кәсіпорындары бар өндірісті кент саналады. Мұндағы өндіріс орындары кентке қамқор, жүйе құрау­шы кәсіпорындар саналады. Кент­­тің жылу құбыры сумен жаб­дықтайтын Екібастұз – Май­­қайың аралығындағы су та­ратқыш, кент ішілік су та­рат­қыш құбырлары уақыт­ша се­німгерлік басқаруға «Май­қай­ың Алтын» АҚ-қа берілген. Кәріз жүйелерімен «Аухал» ЖШС жұмыс жүргізеді.

Былтыр Майқайыңда «Нұрбөбек» ба­ла­бақшасы ашылды. Ата-аналардың дені «Май­қайың Алтын» АҚ кен байыту комбинатында, басқа да кеніштерде еңбек етеді.

Ал, кентте жеке жер үйлер саны–796. Көп қабатты бірнеше тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында жеке жер үйлер арасында да жөндеу, сылау, ақтау және қоршауларын айырбастау жұмыстары өткізілді.

Былтыр оңтүстік өңірлерден 4 отбасы  көшіп келсе, биыл 10 отбасы келіп қоныстаныпты. Кент әкімдігінің мәліметінше, ішкі көші-қонмен келген қоныстанушыларға жан-жақты әлеуметтік қолдау шаралары жасалған.   

Қоныстанушылар арасында 4 дәрігер, медбике, 1 спорт жаттықтырушысы, музыка маманы және  өндіріс мамандары  келіпті.

Тұрғындардың жеке меншігіндегі сатылатын 110 үй бар, оның ішінде құны 2 миллион теңгеден аспайтын 28 үй, ал қалғандарының жалпы құны 38 миллион 900 мың теңге құрайды. 

Фарида  БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР