Майқайың — Екібастұз тас жолында автобус жанып кетті
Майқайың кентінің жанында автокөлік отқа оранды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10.30-да көліктің өртенгені туралы кезекшілік бөліміне хабарлама түскен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Сағат 11.10-да толығымен сөндірілген.
«Майқайың — Екібастұз тас жолындағы автобустың 17 шаршы метр аумағы толығымен жанып кетті. Көлік «Майқайың-Алтын» АҚ Талдыкөл разрезіне тиесілі. Құтқарушылар келгенге дейін разрездің алты жұмыскері өздігінен сыртқа шыққан», — дейді департаментте.
Оқиға орнында жеке құрамнан үш адам мен бір техника жұмыс істеді. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.