Майкл Джексонның жанкүйерлері оның тірі екендігіне сенімді

0

Әншінің тәртіп сақшылар базасында әлі тірі деп көрсетілуі таңғаларлық жағдай.

Бұған қоса оның өлімі туралы жазылған суд-медициналық сараптаманың ішіндегі бірнеше өрескел қателіктер көрсетілген. Бұл деректерді алдыға тартатын  болсақ жанып ұшып тұрған жанкүйерлердің жарасын сезінуге әбден болады.

25 маусым күні әншінің туған күні қарсаңында оның туысқаны Латойа зират басынан бейнетүсірілім жариялаған екен. Ең қызығы зират бетінде әншінің аты жөні жазылмаған. Бұл фактор жанкүйерлердің жаңа дау шығаруына түрткі болды. Видео желілерде жарияланып, қызу талқыға түскен.

 

«Ол мұнда жерленген болса, онда неге жазу жоқ?», «Біз тірі екендігіне сенеміз!» ,- деп жазды жанкүйерлері.

 

Айта кету керек, өткен жылы әнші 400 миллион доллар табыс тапқан. Алты жыл қатар әнші қайтыс болған байлардың тізімінде көшбастап келеді.