«Майкл Джексонды көрсетемін!» Головкин журналистердің көңілін көтерді – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

GGG сергек көрінесің деп мақтаған жанкүйеріне қалжыңмен жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллспен жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Головкиннің жаңа бапкері шәкіртінің жұдырықтасу мәнері ұнамайтынын айтты

GGG жиналған журналистерді бокс элементтерімен ғана емес, әзіл-қалжыңымен де қуантты. Әлдекім оның рингте жеңіл қозғалғанын және «жасарып» кеткенін айтып мақтады. Оған Геннадий былай жауап берді: «Музыка қойыңыздар, мен сіздерге Майкл Джексонды көрсетемін!». Бұл жұрттың көңілін көтеріп тастағаны сөзсіз.

​8 маусымда Геннадий Головкин Нью-Йоркте Стив Роллспен кездеседі. Бұл Головкиннің Джонатон Бэнкстің жетекшілігіндегі алғашқы жекпе-жегі және DAZN платформасындағы дебюті болады. Головкиннің ашық жаттығуының толық видеосын назарларыңызға ұсынамыз.



sputniknews.kz