«Майкл Джексонды көрсетемін!» Головкин журналистердің көңілін көтерді – видео

Қысқа сілтеме алу
GGG сергек көрінесің деп мақтаған жанкүйеріне қалжыңмен жауап берді
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллспен жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді, деп хабарлады Sports.kz.
Головкиннің жаңа бапкері шәкіртінің жұдырықтасу мәнері ұнамайтынын айтты
GGG жиналған журналистерді бокс элементтерімен ғана емес, әзіл-қалжыңымен де қуантты. Әлдекім оның рингте жеңіл қозғалғанын және «жасарып» кеткенін айтып мақтады. Оған Геннадий былай жауап берді: «Музыка қойыңыздар, мен сіздерге Майкл Джексонды көрсетемін!». Бұл жұрттың көңілін көтеріп тастағаны сөзсіз.
8 маусымда Геннадий Головкин Нью-Йоркте Стив Роллспен кездеседі. Бұл Головкиннің Джонатон Бэнкстің жетекшілігіндегі алғашқы жекпе-жегі және DAZN платформасындағы дебюті болады. Головкиннің ашық жаттығуының толық видеосын назарларыңызға ұсынамыз.
sputniknews.kz