Майк Тайсон мен Рой Джонс алдағы жекпе-жектен қанша алады

0

Осы демалыста, 28 қараша күні, Американың Лос-Анджелес қаласында әйгілі бокс ардагерлері Майк Тайсон мен Рой Джонстың жекпе-жегі өтеді. Жекпе-жек ресми болмаса да, екі спортшы да қомақты қаржы алады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Америкалық Yahoo!Sports шолушысы Кевин Айоленің мәліметінше, алдағы жекпе-жектен Тайсон 10 млн доллар, ал Джонс 3 млн доллар алады. Бұл сомаға PPV жүйесі бойынша ақылы көрсетілімдерден келіп түсетін табыстың пайызы кірмеген.
Жекпе-жекті әр раунд сайын үш экс-әлем чемпионы бағалайды.

54 жастағы Тайсон шаршы алаңда 58 кездесу өткізіп, 50 рет жеңіске жетті. Соның ішінде 44-і нокаутпен. Майк супер ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болып, WBC, WBA және IBF белбеулерін иеленді.

51 жастағы Джон карьерасын 2018 жылы тәмамдады. Ол жартылай ауыр салмақта абсолют чемпион болды. 66-сында жеңіске жетіп, 9 мәрте жеңілді. Ішінде 47-сі нокаутпен.