Үйінде мәйіт сақтаған атыраулық мұғалім жұмыстан шығарылды

0
365

Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады. Телеарнаға сұхбат берген облыстық білім  басқармасы басшысы  Сатқан Есенғалиевтің айтуынша, биология пәнінің мұғалімі мектеп директорының  шақыртуына құлақ аспаған. 

“Мектеп әкімшілігі оны педагогикалық және әдеп кеңесіне бірнеше мәрте шақырған. Шақыру қағазы бірнеше рет жіберілді. Алайда ол ол келуден бас тартқан. Соған байланысты Еңбек кодекстерінің талаптарына сәйкес жұмыстан босатылды.  Алайда оның бұл шешіммен келіспеуге құқы бар», – дейді ол. 

Жаға ұстатарлық жағдайдан соң Атырау облысындағы бүтін бір ауыл тұрғындары үрейленіп отыр. Ата-аналар кейбірі баласын мектепке жіберуге жүрексініп қалған.  

Олардың айтуынша 35 жылдық тәжірибесі бар ұстаз өз ағасын өлтіріп, мүрдесін үйінде жеті айға жуық сақтап келген. Алайда тергеуде ұстаздың кінәсі дәлелденбепті. Соған қарамастан тұрғындар оны білім ошағынан біржола аластатуды талап етіп жатыр. 

Оқиға биыл Таңдай ауылында болды. 82 жастағы қарияның мәйіті өз ауласынан табылған.  Бірақ қылмыстық құрам болмауына байланысты полиция істі тоқтатқан.