Мәйітхана қызметкері: Бұл сұмдықты көріп талып қала жаздадым

0

Мәйітхана қызметкері  ауруханаларда дәрігерлердің неліктен науқастанған адамдарды құтқарып қалуға тырыспайтынын айтып берді. Оған адамдар ақша беріп аузын жаппақшы болған болған, тіпті жақ ашып бұл жайында біреуге айтатын болса жұмыстан қуылатындығын айтып қорқытқан. Бүгін ол мән-жайды ашық баяндамақшы.

— Сіз мәйітханада қашаннан бері жұмыс істейсіз?

Мәйітхана қызметкері Олег Воронов: –Мен университеттен кейін аспирантурада оқыдым. Университет кафедрасында жеті жыл жұмыс істедім. Содан кейін бұл жұмыстың менікі еместігін түсіндім. Кафедрадағы жұмыстан шыққан соң мамандығым бойынша интернеттен жұмыс іздеп, лайықты деген орындарға түйіндемемді жібере бастадым. Бір күні мені жұмысқа қабылдау үшін кездесуге шақырды және жұмысқа бірден қабылдады. Сол кезден бастап  мәйітханалардың бірінде жұмыс істей бастадым. Ол жерде әдетте қызметкерлер жетіспейді екен. Сондықтан дипломы бар қызметкерлерді іздемейді.

Мен жұмыс істеген мәйітханада тек 2 дәрігер мен бірнеше медбике болды. Осы дәрігерлердің бірі мәйітхананың басшысы, екіншісі мен өзім болдым. Негізінде бұл жерде кем дегенде 4 дәрігер жұмыс істеуі керек.

— Сіз мәйітханада немен айналыстыңыз?

Мәйітхана қызметкері Олег Воронов: –Мәйітті  толық тексерістен өткізуіміз керек. Сондай-ақ үстіне киген киімі  мен ішкі органдарды талдап, қайтыс болу себептерін анықтаймыз. Не себепті қайтыс болғандығын анықтап,  қортындыны  статистикаға енгізуім керек. Дегенмен,  барлығы тек қағаз жүзінде ғана керемет болатын. Мен алғашқы жұмыс күндері бұл жердегі шикіліктерді байқай бастадым. Мәйітті түгел тексерістен өткізбейді. Мәйітке тек  туысқандарының өтініші бойынша толық тексеріс жүргізіледі. Сондай-ақ оны бас дәрігердің өзі тексереді. Мені тексеріс жүргізіліп жатқан бөлмеге кіргізбейтін. Негізінде ереже бойынша біз қайтыс болу себебін анықтау үшін әр органды тексеруге міндеттіміз. Алайда,  мәйітханаға әкелінген денені ешкім ашып та көрмейтін. Мен тек мәйітхана басшысы берген сараптаманы растап, қажетті құжаттарға қол қойдым.

— Олардың мұндай әрекетке баруына не себеп болды, әлде бұл сұрақ сізді қызықтырмады ма?

Мәйітхана қызметкері Олег Воронов: –Әрине, қызықтырды. Бірақ, бас дәрігер барлық елде осылай жасайтындығын айтып құтылды. Сонымен қатар, адамдардың неден қайтыс болғаны да ешкімді қызықтырған жоқ. Науқас тірі болған күннің өзінде оны емдеуге уақытын зая кетіргісі келмейтін. Нақты айтқанда, олар менен мәйітке мүлдем жоламауымды, ешқандай ақымақтыққа бармай, тек құжаттармен ғана айналысып отыруымды талап етті.

Бастапқыда барлығы бас дәрігердің айтқанындай болу керек деп ойладым. Мәйітхана басшысы бұрын осы жерде жай дәрігер болып жұмыс атқарған. Яғни ол мұндай сорақылықтардың барын бұрыннан білетін. Мен бірнеше жыл университетте жұмыс істегеніммен, мәйтхананың жұмысы туралы   хабарым болмады.

Барлығы да бір күнде өзгеріп шыға келді. Бір күні мен мәйітханадағы денелерді тасымалдаумен айналысатын болдым. Таңертең мәйітханаға ер адамның денесін әкеліп тастады. Бір кезде мәйіттің денесінде  бір нәрсе қозғалғандай болып көрінді. Бастапқыда есімнен адасқан шығармын деп ойладым. Содан кейін жақындап барып қарасам, оның құлағынан шамамен 0,2 милиметр көлеміндегі құрттың шығып бара жатқандығын өз көзіммен көрдім. Жарты сағаттық бос уақытым болғандықтан, денені ашып көруге қызықтым. Тағы да құрттарды таптым. Оның бас құрылысын ашқан кезде мүлде есімнен тана жаздадым. Адамның бас сүйегіндегі жүздеген құрттарды көргендегі сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Шошынған күйі ашылған бас сүйекке бірнеше минут қарап тұрдым. Ары қарай не істеу керектігін де білмедім.

— Содан кейін не істедіңіз?

Мәйітхана қызметкері Олег Воронов: –Тиісті нұсқаулықтар бойынша жұмыс істей бастадым. Мәйітханаға әкелген адам дәрігер тағайындаған диагноз бойынша емес, бастағы құрттардың әсерінен екенін анықтап, бірден ауруханаға хабар бердім. Келесі күні маған бас дәрігерге неліктен мәйіттің денесін ашқанымды түсіндіру керек болды. Ол денені ашып тексерудің қажеті жоқ екендігін айтты.

Бірнеше күннен кейін бас дәрігер еңбек демалысына шығып кетті, содан кейін оның орнында мен қалдым. Сол күннен бастап лайықты түрде жұмыс істеуге шындап кірістім. Мәйітханаға әкелінген әрбір мәйітті ашып, тексердім.

— Бас дәрігер тағайындаған диагноздың қате болып шыққан  жайттар жиі кездесті ме?

Мәйітхана қызметкері Олег Воронов: –Иә, тіпті 95 пайызы десек те болады. Бірақ бұл мен байқаған мәселенің тек бер жағы екен. Келесі мәйіттердің денесін ашып қарағанда, олардың барлығынан дерлік  құрт секілді паразиттердің бар екендігі анықталды. Мұндай паразиттер мәйіттердің бүйрегі мен жүрек тұстарында  да байқалды. Тіпті бір мәйіттің бас сүйегінен 2 мыңға жуық құрт табылған еді. Осы сұмдықтан кейін, түні бойы көз ілмей шықтым.

Бір күні бас дәрігер келіп үстелімнің үстіне бір пакет тастап кетті. Пакеттің ішінде 4 түрлі тәттілер және конверт болды. Конверттің ішінде 50 мың рубль бар екен. Бұл менің 4 ай жұмыс істеп табатын ақшам. Бас дәрігердің өзінің айлығынан бөлек біршама пайда табатынын сол кезде түсіндім.

— Сіз ақшаны алдыңыз ба?

Мәйітхана қызметкері Олег Воронов: –Әрине, жоқ. Заңсыз іспен ұзаққа бармайтынымды мен басынан-ақ білдім. Сондықтан, ертесіне дәрігерге конвертті  қайтарып бердім. Себебі, қаншама адам осы дәрігерлердің салғырттығының кесірінен зардап шегуде. Бірнеше рет арызданғаныммен ештеңе шықпады.  Кейін жай ғана жұмыс орнын ауыстырдым.

Аударған: Фариза Жомартқызы

«Қамшы»