«Мәйіт көп, шығарып салушы аз»: Түркияда қаза болған адамды мотоциклмен ақтық сапарға шығарып салған (фото)  

0

Әлеуметтік желідегі парақшасында Астана қаласының және Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас Имамы Ерболат Жүсіпов Түркиядағы жағдайлардың бірінен жан тебірентерлік фото жариялады.

Фотода Түркияда қаза болған адамның бірін ақ кебінге орап, мотоциклмен жерлеуге апара жатқан сәт бейнеленген. Имамның айтуынша қазір мәйіт саны көп, ал шығарып салушылар өте аз екен. Тіпті көліктер де жетіспейтін көрінеді.

«Уа, Алла! Бізге ауыр сынақ бермеші!» — деп жазды Бас имам.

ақпарат, фото: erbolat.jusupov әлеуметтік желідегі парақшадан