Майданда жүріп дәріс берген Украина оқытушысы көпті сүйсіндірді
Украинадағы Ужгород Ұлттық университетінің оқытушысы Федор Шандордың майдан шебінде жүріп, окопта дәріс оқып жатқан суреті Украинаның түкпір-түкпірінде тарап кетті. Тарихшы, туризм сарапшысы, әлеуметтанушы соғыстың бірінші күнінен бастап, Закарпатияны қорғауға алды. Алдыңғы қатарда жүргеніне бір айға жуықтаса да, студенттерге дәріс беруін тоқтатпаған. Бұл туралы UNIAN сайтына сұхбат берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Бұл — менің міндетім. Өйткені, дәл осы уақытта дәрістің ұлтты тәрбиелеуге көмегі бар екенін ерекше түсінесіз. Бұл біздің білімді ұлт үшін күресеміз. Бүгінгі күн жай ғана соғыс емес, бұл екі дүниенің – еуропашыл, демократиялық және надандықтың ыдырауы болады», — деді оқытушы сұхбатында.
Оның айтуынша, бұл соғыстың өзі надандықтан туған.
«Адамдардың надандығы неге апарып соқтыратынын өздеріңіз көріп отырсыздар! Білімнің жоқтығы – Қызыл орманда ор қазу деген сөз. Білімнің жоқтығы – атом электр станцияларын ату, театрларды бомбалау. Білім мен ағартушылықтың жоқтығы – Буча. Ол тіпті сіздің құндылықтарыңызды бұзады. Қалайша бүкіл әлемге православие діні туралы айғайлап, оның басты ғибадатханалары — Киев, Чернигов, шіркеулер мен ғибадатханалар бар жерлерді бомбалауға болады? Мұның бәрі тәрбиенің, надандықтың жоқтығы. Осының бәрінен кейін «орыс ғылымы» деген ұғымды қалай сипаттайтынымды білмеймін. Кеңес Одағы ыдырағалы арамызда өткен үш онжылдықта жаңа ұрпақ өсті, жаңа зиялы қауым өсті, бірақ біз оны көрмейміз. Сондықтан бүгінде орысша білім беру оқу емес, жабайылық деп айта аламыз», — деп күйінді Федор Шандор.
Сондай-ақ Украина оқытушысының айтуынша, майданда дәріс бергелі белсенді қатысатын студенттер қатары артқан және басшылық дәріс беру үшін арнайы кезекшілік ұйымдастырған.
«Мен басшылыққа барлығын түсіндірдім. Олар мен дәріс оқи беруім үшін жауынгерлік кезекшілік ұйымдастыруды ұйғарды. Кейде жұп болғанда түнде кезекшілікте болып, таңертең студенттерге лекция оқимын. Содан кейін басқа тапсырмаларды орындаймын… Әдетте мен дәріс оқып, тапсырмаларды орындауға кірісетінмін. Сондықтан суреттің тарап кеткені күтпеген оқиға болды», — деді ол.
Сонымен қатар дәріс кезінде екі рет атқылау және оқып отырғанда блиндаждағы жарық өшіп қалған.Сондықтан дәрісті кез келген жағдайда беруге тура елетінін айтты.