Мая Манезаның күйеуі Вячеслав Ершов қайтыс болды

0

Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады, деп жазады Kznews.kz/Kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Вячеслав Ершов қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Вячеславтың туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады», – делінген желідегі жазбада.

Вячеслав Ершов пен Мая Манеза (2012 жылғы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы) 2013 жылы отау құрған. Екі баласы бар. Қазірге неден қайтыс болғаны белгісіз.

фото: ашықдереккөз